Жасанды интеллект және білім берудің болашағы!

EduWeek-2025 EKTU академиялық онкүндігі аясында Білім беру технологиялары орталығы "Жоғары білім беру саласында Жасанды интеллект құралдарын қолдану" тақырыбында дөңгелек үстел ұйымдастырды.

Іс-шара барысында қатысушылар жоғары оқу орындарында жасанды интеллектті енгізу мәселелерін талқылап, тәжірибе алмасты және оқыту, бағалау, білім беру процесін жетілдіруге арналған заманауи шешімдерді ұсынды.

Талқыланған негізгі бағыттар:

  • Жасанды интеллектті білім беру платформаларында қолдану мүмкіндіктері
  • Этика және академиялық адалдық мәселелері
  • Оқу процесінің тиімділігін арттырудағы цифрлық технологиялардың рөлі

Мұндай бастамалар академиялық қауымдастықты нығайтып, білім беруге инновациялық көзқарасты дамытуға ықпал етеді!