🎓 Курс сәтті аяқталды!
Білім беру технологиялары орталығы «МООК — цифрлық трансформацияның инновациялық құралы» біліктілікті арттыру курсының сәтті аяқталғанын қуана хабарлайды!
72 сағаттық оқу барысында қатысушылар:
- Массалық ашық онлайн курстардың (МООК) тұжырымдамасы мен даму тарихымен танысты.
- Coursera, edX, skills.enbek.kz сынды жетекші халықаралық және қазақстандық платформаларды зерделеді.
- Онлайн курстардың табыстылық критерийлерін және ADDIE моделін меңгерді.
- OpenedX платформасында онлайн курс әзірлеуді және құрылымдауды үйренді.
- Мультимедиялық контент жасап, интерактивті элементтер енгізді.
- Қорытынды жобаларын сәтті қорғап, құнды тәжірибе жинақтады!
Бұл курстан алған білім мен дағдылар білім беру үдерісіне заманауи цифрлық шешімдерді енгізудің берік негізі болатынына сенімдіміз.
Барлық қатысушыларға белсенді қатысқандары және жемісті еңбектері үшін алғыс айтамыз!
